USD
USD
USD

Қазақстанға жаңа ұшақтар қажет: Министр мәлімдеме жасады

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ұшақтардың жетіспеушілігі туралы айтты.

Қазақстанға жаңа ұшақтар қажет: Министр мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Бүгінгі таңда ТЖМ-де тек тікұшақ авиациясы бар. Аспанға көтерілуге құқығы мен мүмкіндігі бар бірде-бір әуе кемесі бізде жоқ. Олардың барлығы қазірдің өзінде жарамсыз болып қалды, – деді ТЖМ басшысы Үкімет сағаты кезінде.

Оның айтуынша, авариялар мен ТЖ кезінде шұғыл қажет болған жағдайда күштер мен құралдар қажетті өңірге күш жіберу үшін Қазақстанның өз ұшақтары болуы қажет.

Министр биыл Қазақстан ТЖМ Түркиядағы өртті сөндіру үшін екі тікұшақ жібергенін еске салды. Қазақстандық құтқарушыларға 4,5 мың шақырым тікұшақтарды тек бір бағытта ғана жіберуге тура келді.

Ол жыл соңына дейін МИ-8 МТ алты борт, ал келесі жылы тағы бесеуін ТЖМ алатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе